Сағадиев қандай оқушылар дене шынықтыру сабағынан босатылатынын айтты

0
1 912

Сағадиев аптасына үш сағаттан аса уақытын секцияларда өткізетін кәсіби спортшыларды дене шынықтыру сабағынан босату туралы әңгіме болғанын атап өтті.


Сағадиев қандай оқушылар дене шынықтыру сабағынан босатылатынын айтты

ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев дене шынықтыру сабағының үшінші сағаты қысқармайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Қазір әлеуметтік желілерде дене шынықтырудың үшінші сағаты қысқаратыны туралы жиі жазылып жүр. Дене шынықтырудың үшінші сағатынан бас тарту жоспарымызда жоқ және болған емес. Бұл заңнамада жазылған", — деді білім министрі ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Сағадиев аптасына үш сағаттан аса уақытын секцияларда өткізетін кәсіби спортшыларды дене шынықтыру сабағынан босату туралы әңгіме болғанын атап өтті.

"Біз ата-аналардың өтінішін ескеріп, осындай шешім қабылдадық. Енді мектептің педагогикалық кеңесінің шешімімен, кәсіби спортпен шұғылданатын оқушылар, ең алдымен, ата-аналардың өтінішімен және барлық тиісті құжатқа сәйкес, дене шынықтыру сабағынан босатылуы мүмкін", — деді ведомство басшысы.

"Осы орайда балалар не істейді деген сауал жиі қойылады. Қазір академиялық еркіндікті пайдаланып, мектептер босатылған мұғалімдермен арнайы сабақ ұйымдастыруда. Яғни балалар өздігінен оқып, оқу бағдарламасын қуып жете алады. Спортшылар жарыстарға жиі шығады, соның салдарынан мектеп бағдарламасынан қалып қойып жататынын білесіздер. Сондықтан біз оқушыларды дене шынықтыру сабағынан босатып, олардың мұғаліммен жеке дайындалуына, сол арқылы бағдарламадан қалып қоймауына мүмкіндік жасап жатырмыз", — деді Сағадиев.