Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты тергеу жұмыстары аяқталды

0
983

"Мұндай қатыгездік пен суыққандылықты мен бұрын-соңды көрмедім".


Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты тергеу жұмыстары аяқталды

ERNUR.KZ. Адвокат Жанна Мұхамади Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты тергеу жұмыстары аяқталғанын мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

"Бізді іске қатысты сараптама нәтижелерімен таныстырды. Мұндай қатыгездік пен суыққандылықты мен бұрын-соңды көрмедім", - деп жазды ол.

Оның айтуынша, тараптар іс материалдарымен танысқан соң және қорғаушы тараптың өтінішінен кейін іс прокуратураға шешім шығару үшін жолданады.

"Өткен аптаның соңында бізге Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы хабарланды. Қазіргі уақытта іс бойынша жүргізілген барлық сараптамалармен таныстық. Бірақ қылмыстық істің материалдарын толықтай әлі көрмедік. Қазіргі уақытта Салтанаттың отбасына деген құрметіміз үшін кісі өлтіру оқиғасының мән-жайын айта алмаймыз. Тараптар іс материалдарымен танысып, қорғаушылық өтініштерін бергеннен кейін іс шешім қабылдау үшін прокуратураға жіберіледі", - деп жазды адвокат.