Салтанат Тұрсынбекова әйелдерге жасалатын зорлық-зомбылық туралы пікір білдірді

0
363

«Өзіңіздің әпке-сіңілілеріңіз бен аналарыңызды олардың орнына қойып көріңіз» - кандидат.


Салтанат Тұрсынбекова әйелдерге жасалатын зорлық-зомбылық туралы пікір білдірді

фото: ашық дереккөзден

Салтанат Тұрсынбекова Алматыдағы кездесуде әйелдерге жасалатын зорлық-зомбылық туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Салтанат Тұрсынбекова Алматыда сайлауалды үгіт-насихат кездесуін өткізді. Кездесуге қатысушылар тұрмыстық зорлық-зомбылық, адам саудасы, балалар құқығын қорғау, кедейлік пен табыс теңсіздігі, дарынды жастарды қолдау қиындығы және олардың елден кетуі мәселелерін көтерді. Ал, Салтанат Тұрсынбекова құқық қорғау органдарының бұл тақырыпқа мән бермейтінін атап өтті.


«Бір себептермен бұл проблемалар елеусіз болып көрінеді. Мемлекеттік мекемелердің есігін қағып, қолдау көрсетулерін сұрап жүргенімде: «Салтанат Пархатқызы, сіз эмоциямен осы тақырыптарды көтеріп жүрсіз, сіз айтқан жағдайлар халықтың аз пайызындағы мәселелер екенін түсінесіз бе?» дейді. Мен айтамын: «Жарайды, сен бұл жағдайды өз отбасыңда анаңның, әпке-сіңліңнің басынан өтпегесін түсінбей тұрсың. Санға емес, адамға, оның отбасына қараңыз. Халықтың 1 пайызы немесе жарты пайызы емес, бір қазақ қызы зорланған», - дейді Салтанат Тұрсынбекова.