​«Самұрық-Қазына» АҚ креативті жас IT-мамандарын жұмысқа алады

0
1 542

Оның айтуынша, жаңа тұжырымдамалық бағдарлама «Цифрлық Қазақстанды» дамыту аясында жүзеге асырылған.


​«Самұрық-Қазына» АҚ креативті жас IT-мамандарын жұмысқа алады

«Самұрық-Қазына» АҚ мен Қор қоржынындағы компаниялар креативті жас IT-мамандарын жұмысқа алады, деп мәлімдеді «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Операциялық қызмет жөніндегі басқарушы директоры Әлішер Пірметов. Бұл туралы qamshy.kz сайтына сілтеме жасап ERNUR.KZ. хабарлайды.

Оның айтуынша, жаңа тұжырымдамалық бағдарлама «Цифрлық Қазақстанды» дамыту аясында жүзеге асырылған. Бұл бағдарлама тағылымдамадан өту барысында туындаған қандай да бір идеяларды іске асыру ықтималдылығын бағалауға мүмкіндік береді.

«Елбасы айтып кеткендей, бүгінгі таңда ел бәсекеге қабілетті болу үшін пайдалы қазбалар жеткіліксіз, ол үшін мемлекет, әсіресе, цифрлық технологиялар саласында алдыңғы қатарда болуы керек. Біз «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы ретінде сандық технологияларды дамытуға мүдделіміз»,- деп атап өтті Әлішер Пірметов.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың 6 маусымында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ мен Қоржындық компанияларында «Цифрлық жаз 2018» тағылымдама бағдарламасы басталды. Осы бағдарламаның бірегей ерекшеліктерінің бірі – тағылымдамадан өтуші жастар бәсекелестігі жоғары IТ саласында құнды тәжірибе мен білім алады, SAP, Microsoft, Oracle, Cisco, HP, IBM, Huawei компанияларының өнімдерімен жұмыстарын шыңдай алады.

Өтінім 6-30 маусым аралығында қабылданды. Тағылымдаманың өзі 9 шілдеден бастап 7 қыркүйекке дейін Астана, Алматы, Өскемен, Павлодар, Атырау қалаларында өткізіледі.

Жоғарғы оқу орындарын 2016, 2017 және 2018 жылдары бітірген студенттер «Цифрлық жаз – 2018» бағдарламасына «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ ресми www.sk.kz сайтына кіріп, өтінім қалдырды. Ақпараттық технологияларға деген қызығушылық және Қор компанияларында ақпараттық технологияларының дамуына үлес қосу бағдарламаның негізгі талабы болып саналады.

Тағылымдамаға қатысу үшін кәсіби тәжірибенің болуы міндетті емес. Ақпараттық жүйелер мен инфрақұрылымды әкімшілендіру, жобалық басқару, бағдарламалау, қосымшалар архитектурасы, ақпараттық қауіпсіздік қағидалары саласында негізгі білім қажет. Бұл тағылымдама төленбейді. Қор тұру және көлік шығындарын өтемейді.

Үш апта ішінде бұл бағдарлама үлкен сұранысқа ие болды. Өтінім бергендердің саны 2100-ге жетіп, олардың 500-і негізгі IT білімін тексеретін сынақтан сүрінбей өтті, соның ішінде 72 жас маман тағылымдамаға шақырылады.

Бағдарлама қорытындысы бойынша үздік танылған 33 жас маман келесі компаниялар тобында жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болмақ: «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Қазпошта» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «Тау-Кен Самұрық» АҚ, «КОРЭМ» АҚ, «Qazaq Air» АҚ, «Энергоинформ» АҚ, «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС және «Біріккен химиялық компания» ЖШС.