"Самұрық-Қазына" "ҚазМұнайГаз" IPO-ға шығатынын айтты

0
563

"Самұрық-Қазына" барлық қазақстандық үшін IPO-ны қолжетімді етіп, бөлшек және институционалдық инвесторларды барынша көп қамтуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.


ERNUR.KZ. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы 2022 жылы IPO-ға шығатынын мәлімдеді, деп жазады tengrinews.kz.

"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ акциялары биыл AIX және KASE алаңдарында орналастырылады. "Самұрық-Қазына" мен ҚМГ бұл үшін жетекші қазақстандық инвестициялық банктерді тартты", - делінген хабарламада.

"Самұрық-Қазына" барлық қазақстандық үшін IPO-ны қолжетімді етіп, бөлшек және институционалдық инвесторларды барынша көп қамтуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық компанияларды IPO-ға шығару жұмыстарын маңызды міндет ретінде атаған болатын. Ол "Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамы мен оның ұлттық компанияларының рөлін мысалға келтірді.

"Еліміздің қарапайым азаматтары Ұлттық компаниялардың акцияларын иеленуге және салымдарынан өз дивиденттерін алуға мүмкіндігі болуға тиіс. Дәл осындай жолмен халықтың инвестициялық мәдениеті қалыптасады. IPO-ға қатысу Қазақстанның барлық тұрғыны үшін қолжетімді болуы қажет. Ол үшін қағазбастылық пен бюрократияны болдырмайтын жаңа цифрлық шешімдер керек", - деді Мемлекет басшысы.