"Самұрық-Қазына" қоры мемлекеттік сатып алуларын Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен (БҚДА) келісуге міндеттеледі.
ERNUR.KZ. Мұндай түзету "Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерін сатып алу туралы" заңға енгізіледі, деп жазады Tengrinews.kz.
Ұлттық экономика министрлігі Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша заң жобасын әзірледі, оның жобасына түзетулердің бес блогы енгізілді.
"Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы" заңда "Самұрық-Қазына" қорының сатып алу тәртібін БҚДА-мен келісу міндеттемесі заңнамалық тұрғыдан бекітіледі. Қордың тиімсіз сатып алуын қысқарту үшін холдингішілік кооперация шеңберінде сатып алу тәсілі алып тасталады. Сондай-ақ, заң жобасында өнім берушілердің сатып алуға шағымдану құқығы қарастырылған", - деп хабарлады ұлттық экономика вице-министрі Абзал Әбдікәрімов Мәжілісте заң жобасын таныстырғанда.
Заң жобасы Үкімет басшылығының тапсырмалары бойынша енгізілген түзетулердің қосымша блоктарын қамтиды.
"Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңға енгізілетін түзетулер тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден мемлекеттік сатып алу негіздерін қысқартуды көздейді.
Осылайша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту және бәсекелестікті дамыту мақсатында:
- мемлекеттік материалдық резервке тауарларды;
- жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыру үшін уәкілетті органдардың қызметтік үй-жайларды, көлік және өзге де техникалық құралдарды, ақпараттық жүйелерді, мүлік пен оларға қызмет көрсету жөніндегі қызметтерді;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес актімен айқындалған тұрғын емес мақсаттағы үйлерді, құрылыстарды, ғимараттарды, үй-жайларды сатып алуды бір көзден сатып алу құқығын алып тастау қажет.