Сәния Мұратоваға қатысты жанжал: экс-депутат қамауға алынды

0
682

Мас күйде көлік жүргізгені үшін сот оны 15 тәулікке қамауға алуды және жеті жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырған болатын.


Сәния Мұратоваға қатысты жанжал: экс-депутат қамауға алынды

ERNUR.KZ. Ақтөбе қалалық мәслихатының экс-депутаты Сәния Мұратова 15 тәулікке қамауға алынды, деп жазады tengrinews.kz.

Ақпаратты Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

"Әкімшілік соттың 2023 жылғы 26 қазандағы қаулысын орындау мақсатында Сәния Мұратова 15 тәулікке Ақтөбе қаласындағы әкімшілік қамауға алынғандарға арналған арнайы ұстау изоляторына қамалды", - делінген облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін мас күйде көлік жүргізгені үшін сот оны 15 тәулікке қамауға алуды және жеті жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айыруды ұйғарды. Сотта полиция инспекторы Нұржас Мүсіреп бір ай бойы полиция Мұратованың қайда екенін анықтай алмағанын айтты. Сондықтан істі қарап жатқан судья 53 жастағы экс-депутаттың қатысуынсыз шешімді оқыды.