Сапарбаевтың онлайн жиынында оқыс жағдай болды

0
2 623

Сасып қалған әкім сөзін ортасынан үзді.


Сапарбаевтың онлайн жиынында оқыс жағдай болды

ERNUR.KZ. 19 ақпанда Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың онлайн режимде халыққа есеп беру кездесуі өтті, деп жазады zakon.kz.

Іс-шара онлайн режимінде өтті және ол бірнеше ақпараттық ресурс, соның ішінде облыстық "Жамбыл" телеарнасынан да көрсетілді.

Аймақ басшысы жұрттан келіп түскен сұрақтарға жауап беріп жатқанда мінберге бекітілген елтаңба салдыр-гүлдір етіп жерге түсті. Сасып қалған әкім сөзін ортасынан үзіп, төменге үңіліп жерде жатқан ел рәмізін көрді.

Әкім мемлекеттік рәмізді көтеруді сұрады, содан кейін ғана сөзін жалғастырды.