Сарапшы: Әйгілі саундтректердің концерттері Қазақстанды халықаралық дауға душар етуі мүмкін

0
212

Ботагөз Қалдаяқова бұл мәселені билет операторлары арқылы шешуге болатынын айтты.


Сарапшы: Әйгілі саундтректердің концерттері Қазақстанды халықаралық дауға душар етуі мүмкін

Фото: Іnstagram.com/shamshi_alemy

ERNUR.KZ. «Б. Қалдаяқованың Шәмші әлемі» қорының атқарушы директоры Ботагөз Қалдаяқова әлемге әйгілі саундтректердің концертін ұйымдастырушылар Қазақстанды халықаралық дауға душар ету мүмкін екенін айтады, деп жазады inform.kz.

«Біз қазір халықаралық даудың алдында тұрмыз. Неге екенін айтайын ба? Өйткені «Ғаламат ғасыр: Сүлеймен сұлтан» сериалының саундректері деген сияқты концерттер қаптап кетті ғой. Соны өткізіп жүргендердің ешқайсысы әлем жұлдыздарына, орындаушыларға авторлық сыйақы төлеп жатқан жоқ. Оның бәрі «пираттық контент». Шетелдік авторлар өз елінен бізге шағым түсірсе, аса ірі халықаралық дау болады», - дейді сарапшы.

Ботагөз Қалдаяқова бұл мәселені билет операторлары арқылы шешуге болатынын айтты.

«Мен қазақстандық авторларды айтып отырған жоқпын. «Біз жарайды, өзіміз ғой» деп қоя саламыз. Оның шешімі бар. Ticketon, «Кассир» сияқты билет операторларын сатылған билет айналымынан авторларға сыйақы аударуға міндеттеу керек. Заң бойынша концерт ұйымдастырушылар билет сатудан түскен ақшаның 4 пайызын авторлық қоғамдарға немесе тікелей мұрагерлерге авторлық сыйақы ретінде беруге міндетті. Ән болса, 2 пайызы саз авторына, 2 пайызы мәтін авторына беріледі. Ол тәртіпті ешкім сақтап жатқан жоқ. Өйткені ешкім мұны тексере алмайды», - деді ол.