​Сарапшылар: 2030 жылға қарай 57 мамандық жойылады

0
1 636

Студенттердің жұмыс таңдау аясы кеңейе түспек.


​Сарапшылар: 2030 жылға қарай 57 мамандық жойылады

ERNUR.KZ. Мамандықты дұрыс таңдамағандықтан еліміздегі университет түлектерінің жартысынан көбі жұмыссыз жүр. Бұл туралы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы мәлімдеді, деп жазады baq.kz.

Сарапшылар 2030 жылға қарай елімізде 57 мамандық түбегейлі жойылып, оның орнын 180 мамандық басатынын айтуда. Демек студенттердің жұмыс таңдау аясы кеңейе түспек.

Уақыт ағыны әр бес жыл сайын қатарға жаңа мамандықтар қосылып жатқанын көрсетеді. Болжам бойынша, 2020 жылға қарай технологиялардың дамуы себепті жаһанда 5 миллион жұмыс орны жабылады. 2030 жылға қарай 800 миллион жұмыс орнын құлтемірлер алмастырады.