Сәтбаев қаласында бұзақылық жасағаны үшін 15 адам ұсталды

0
935

Тас-таяқпен қаруланған жастар тобы бес жасар қызды зорлады деген күдікпен ұсталған адамды өз беттерімен жазалауға ұмтылып, полиция ғимаратына кіруге әрекеттенген.

Сәтбаев қаласында бұзақылық жасағаны үшін 15 адам ұсталды

ERNUR.KZ. Сәтбаев қаласында бұзақылық жасағаны үшін 15 адам ұсталды, - деп жазады Polisia.kz.

Портал мәліметінше, 24 шілдеге қараған түні Сәтбаев қаласында бір топ адам бұзақылық жасаған. Тас-таяқпен қаруланған жастар тобы бес жасар қызды зорлады деген күдікпен ұсталған адамды өз беттерімен жазалауға ұмтылып, полиция ғимаратына кіруге әрекеттенген. Полиция қызметкерлері бұл бұзақылықтың алдын алған.

Алайда адамдар жолындағыны қиратып, материалдық зиян келтірген. Олар қақпаны, ауладағы адамдар отырғыштарды, қаза тапқан полиция қызметкерлеріне арналған ескерткішті, полиция ғимаратының аумағындағы шамдарды, терезелердің әйнектерін сындырған. Сондай-ақ, сыртқы бейнебақылау камералары мен қызметтік автокөлік бүлінген.

Келтірілген залалдарды бағалау жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық кодексінің үш бабы ("Бұзақылық", "Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру", "Құқық қорғау органы қызметкерінің өміріне қол сұғушылық") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазіргі уақытта бұзақылық әрекеттерді ұйымдастырушылар мен белсенді қатысушылар анықталып, ұсталды. Уақытша ұстау изоляторына 15 адам қамалды. Барлық тергеу әрекеті қолданыстағы заңнама аясында жүргізіліп жатыр.

Ұсталғандарға қатысты азаптау және құқыққа қарсы әрекеттер жасау туралы әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таратылып жатқан хабарламалар негізсіз. Хабарламалардың авторлары мен жалған ақпаратты таратушыларға қатысты қылмыстық жауапкершілік қарастырылғаны ескертіледі Ішкі істер органдары Сәтбаев қаласында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шараларды қабылдаған. Полиция қызметкерлері атыс қаруын қолданбай, ұстамдылық танытып, қоғамдық тәртіпті бұзудың жолын кескен.

Тергеу әлі жалғасып жатыр. Полиция өкілдері, кінәлі адамдар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жазаға тартылады.