Сәтбаев қаласында әйелдің басына карниз сынығы құлап түсті

0
926

Зардап шегуші шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді.


Сәтбаев қаласында әйелдің басына карниз сынығы құлап түсті

ERNUR.KZ. Сәтбаев қаласында дүкенге нан сатып алуға барған әйелдің басына тұрғын үй карнизінің сынығы құлап түсті. деп жазады inform.kz.

Зардап шегуші шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Тұрғындар оқиға болған бес қабатты ғимарат әлдеқашан апатты жағдайда екенін, оған жөндеу қажет еткенін айтты.

“Мен екі жарақат алдым. Басымда 10 сантиметр және 4 сантиметр екі жара бар. Екі күннен бері төсек тартып жатырмын. Еңбекке жарамсыздық парағын ашамын, өйткені бұл жарақатпен ұзақ уақыт емделуім керек», - деп бөлісті жәбірленуші Светлана Головко.

Оқиға болған жер қоршалды. Қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімі оқиғаның мән-жайын анықтауда. Бүгінде Сәтбаев қаласында 19 үй апатты, 6 үй апат алды жағдайда, 251 ғимарат ескі деп танылды.

“Тұрғын бізбен жеке байланысқан жоқ, біз дөңгелек үстел өткіздік. Қызмет көрсететін «Сүйікті қала» мекемесі барлығынан хабардар. Оларға заң бойынша не істеу керек, халықпен қалай жұмыс істеу керек, мұндай жағдайда не істеу керек екенін түсіндірдік. Өйткені, тұрғындар техникалық қызмет көрсету ақысын төлеп жүр», - деп атап өтті тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Жадыра Сейілова.