Сәтбаевқа гастрольмен барған цирк әртісінің өліміне қатысты тергеу жүріп жатыр

0
597

Мария Кацунның денесін әріптестері тапқан.


Сәтбаевқа гастрольмен барған цирк әртісінің өліміне қатысты тергеу жүріп жатыр

ERNUR.KZ. Сәтбаев қаласында "Шапито" циркінің 18 жастағы әртісі көз жұмды. Полиция тергеу шараларын бастады, деп жазады sputnik.kz.

Әлеуметтік желіде тараған мәліметке сәйкес, Мария Кацунның денесін әріптестері тапқан. Ол "Шапито" циркінің құрамында Сәтбаев қаласына гастрольмен барған.
Ұлытау облыстық полиция департаменті жас қыздың қайтыс болғанын растады. Қазіргі кезде қалалық полиция Қылмыстық кодекстің 105-бабы ("Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу") бойынша сотқа дейінгі тергеу шараларына кірісті.
Қажетті сараптамалар жүргізіледі. Соның нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданады.