Семей орманы резерватынан тағы да өрт шықты

0
402

Өртенген аумақ – 7 гектар.


Семей орманы резерватынан тағы да өрт шықты

ERNUR.KZ. Семей орманы резерватының Бегенев филиалы Дөңгелек орманшылығы аумағында мемлекеттік орман қоры өртеніп кетті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Өртенген аумақ – 7 гектар. Оның ішінде орманмен қамтылғаны — 1,06 га.

«Семей Орманы» МОТР операторынан орман жабындысы бар аймақта дақылдар өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Жаңа алгоритмнің, жерүсті күштері мен құралдарынының жедел әрекетінің, сондай-ақ әуе патрульдерін жүргізудің арқасында өрт 7 га аумақта оқшауланды», - деп жазды ТЖМ.

Өрт орнына орман шаруашылығынан, облыстық ТЖД-дан 60 адам, 25 бірлік техника және 2 пилотсыз ұшу аппараты, «Қазавиаорманқорғау» АҚ МИ-2 тікұшағы жұмылдырылды.

«Абай облысында ыстық және құрғақ ауа райы сақталуда, ормандардың өрт қауіпсіздігі мониторингі облыстық ТЖД ерекше бақылауында», - делінген ақпаратта.

Жалын түнде ауыздықталды.

Еске сала кетейік, былтыр Абай облысындағы алапат өрт кезінде 14 адам қаза тапты. 2023 жылғы 12 маусым жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды.