Семейде әткеншек құлап, бес бала зардап шекті

0
1 335

Балаларға арналған ойын-сауық орындарын тексеру бойынша комиссия құрылды


Семейде әткеншек құлап, бес бала зардап шекті

ERNUR.KZ. 1 маусым күні Семейде Ертіс жағалауында әткеншек құлап, салдарынан бес бала зардап шекті, деп жазады sputniknews.kz.

Дәрігерлер төрт баланы ауруханаға жеткізді. Кейін зардап шеккендер үйлеріне жіберілді. Тағы бір бала жеңіл жарақат алған – ауруханаға барудан бас тартты.

Әткеншек жеке кәсіпкерге тиесілі екен. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Осыдан кейін Семейде балаларға арналған ойын-сауық орындарын тексеру бойынша арнайы комиссия құрылды.

Құтқарушылар ата-аналардан балаларды жеке кәсіпкерлерге тиесілі батуттар мен әткеншектерге жіберген кезде, олардың қауіпсіздік жағдайына көз жеткізуді өтінді.