​Семейде мас полицей дәрігерді соққыға жықты

0
1 302

Спирттік ішімдікке сылқия тойып алған ер адамды қалалық полицияның кезекші бөліміндегілер видеоға түсіріп алған.


​Семейде мас полицей дәрігерді соққыға жықты

ERNUR.KZ. Семей станциясындағы Желілік полиция бөлімінің бастығы жұмысынан шеттетілді, деп жазады sn.kz.

Спирттік ішімдікке сылқия тойып алған ер адамды қалалық полицияның кезекші бөліміндегілер видеоға түсіріп алған. Ауруханада шу көтерген оны осында алып келген. Бейнежазбада оның әрең тұрғаны көрінеді.

«Ол бір жерде отырып алкогольдік ішімдік ішкен. Өзін жайсыз сезініп, жедел жәрдем шақырған. Сөйтіп оны бүйрек аурулары орталығына әкелген. Алайда, полиция қызметкері ауруханадағы дәрігерлерді ұрып, қорлаған. Сағат түнгі 02:00 шамасында ол полиция бөліміне жеткізіліп, сол жерде таңға дейін отырған», – дейді құқық қорғау органының өкілі.

Оның айтуынша, Семей станциясындағы желілік полиция бөлімі бастығына қатысты бұл бірінші рет болып тұрған оқиға емес. Сондай-ақ, қалалық жол полиция басқармасындағылар да бұны растады.

«Семей станциясындағы желілік полиция бөлімінің бастығына қатысты тексеру жұмыстары жүргізілуде. Соған байланысты ол жұмыстан шеттетілді», – делінген хабарламада.