Сербия президенті Астананың даму қарқынына қайран қалды

0
960

Сербия президенті: Орталық Азияда Астанадай қала жоқ


Сербия президенті Астананың даму қарқынына қайран қалды

ERNUR.KZ. Қазақстанға ресми сапармен келген Сербия президенті Александр Вучич Астананың даму қарқынына қайран қалатынын мәлімдеді, деп жазады Baq.kz.

Бүгін Ақордада Сербия президенті Александр Вучич Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпмен кездесіп, қазақстандық-сербиялық қарым-қатынастардың келешегі мен қазіргі жайын талқылады.

Кездесуден кейін қос елдің президенті БАҚ өкілдеріне біріккен мәлімдеме жасады.

«Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, кездесу барысында өте маңызды мәселелерді талқыға салдық. Оның ішінде қос ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық байланыстар да бар», - деді Сербия президенті Ақордада.

Осы орайда Александр Вучич Астанаға келген сайын қайран қалатынын жасырмады.

«Астанаға келгеніме қуаныштымын. Ол мені келген сайын таңғалдырады. Менің ойымша, Орталық Азияда қарқынды, көз ілеспес жылдамдықпен дамып келе жатқан Астанадай қала жоқ», - деп түйіндеді сөзін ол.