«Серік-голова» 19 жылға сотталды

0
2 418

Айыпталушы жазасының 14 жылын ҚАЖ төтенше қауіпсіздік мекемесінде өтейді.


«Серік-голова» 19 жылға сотталды

ERNUR.KZ. Алматыда «Серік-голова» деген лақап атпен танымал қылмыскер Серік Жаманаев 19 жылға сотталды. Сот үкіміне сәйкес, Серік Жаманаев кінәлі деп танылып, 1,75 миллион теңгесі, 6 мың доллары және қымбат автокөлігі тәркіленіп 19 жылға бас бостандығынан айырылды, деп жазады Azattyq Rýhy.

Сот үкіміне сәйкес, «Серік-голова» 14 жыл қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіздік мекемесінде отырады. Содан кейін жазасын 5 жыл толық қауіпсіздік мекемесінде өтейді.

Айта кетейік, мемлекеттік айыптаушы Серік Жаманаевты 262-баптың 2-бөлігі «ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оған басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу», 194-баптың 4-бөлігінің 1-тармағы «адамдар тобы аса ірі мөлшерде күш қолданып жасаған қорқытып алушылық», 106-баптың 3-бөлігі «абайсызда адамның өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша кінәлі деп тануды сұраған еді.