Серік Күдебаевтың түрмедегі суретіне байланысты қызметтік тергеу жүргізіледі

0
907


Серік Күдебаевтың түрмедегі суретіне байланысты қызметтік тергеу жүргізіледі

ERNUR.KZ. Бұл туралы Қылмыстық атқару жүйесі комитеті хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.


Қазіргі таңда сотталғандардың ұялы телефон қолдануы және бейнебақылау камерасының обьективін жауып тастау фактісі бойынша қызметтік тергеу тағайындалған.

"Қылмыстық атқару жүйесі комитеті жеке құрамның заңдылықты бұзуына қатысты түбегейлі ұстанымға берік. Келіп түскен әр ақпарат тыңғылықты тексеріледі. Заң бұзылған жағдайда қолданыстағы заңнама аясында шара қолданылады. ІІМ бұйрығымен бекітілген ішкі тәртіп ережелері бойынша қлымыстық атқару жүйесінде қамауда отырған сотталушылар азық-түлікті сырттан сәлемдеме ретінде немесе туысқандарымен кездескен кезде қабылдауға хақылы. Олар ол тамақты арнайы бөлінген орында бос уақыттарында тұтына алады. Бұл талап қылмыстық атқару жүйесіндегі мекемелердің барлық түріне ортақ. Алдын ала мәлімет бойынша, Шығыс Қазақстан облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің №22 мекемесінде сотталғандар туысқандарынан дайын тамақ қабылдап алған. Тексеру кезінде тыйым салынған азық-түлік өнімдері табылған жоқ", - делінген хабарламада.