Серік Сәпиев неліктен ұзақ демалыс алғаны белгілі болды

0
711

Олимпиада чемпионы 2019 жылдың қаңтарынан бастап спорт және дене шынықтыру істері комитетін басқарып келеді


Серік Сәпиев неліктен ұзақ демалыс алғаны белгілі болды

ERNUR.KZ. Мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев бала күтіміне байланысты демалыс алды. Ақпаратты министрліктің баспасөз қызметі растады, деп жазады Sputnik Қазақстан.


"Серік Сәпиев 12 тамыздан 23 желтоқсанға дейін бала күтімі бойынша ресми демалысқа шықты. Комитет төрағасының міндетін оның орынбасары Серік Жарасбаев атқаратын болады", - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев 2019 жылдың қаңтарынан бастап спорт және дене шынықтыру істері комитетін басқарып келеді.
Жуырда комитет төрағасының бұрынғы және қазіргі орынбасарлары 380 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеді.
Олар "Риддер қаласындағы олимпиадалық резерв бойынша республикалық мамандырылған мектеп-интернат-колледж"-інің 300 орындық оқу корпусының құрылысы кезінде 380,8 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырғаны үшін айыпталып отыр. Күдіктілер нақты жұмыстар атқарылмаса да, ол ақшаны мердігердің есепшотына аударған.