Шегіртке расымен халал ма – ҚМДБ Жұманғариннің мәлімдемесіне пікір білдірді

0
646

Оның айтуынша, Ханафи мәзһабында тек екі өлексені, яғни балық пен шегірткені жеуге рұқсат етілген.


Шегіртке расымен халал ма – ҚМДБ Жұманғариннің мәлімдемесіне пікір білдірді

ERNUR.KZ. Мәжіліс алаңында премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин журналистердің шегірткемен күреске қатысты сұрақтарына жауап бере отырып, жәндіктердің кейбір елдерде азық ретінде пайдаланылатынын, тіпті ол халал өнім екенін еске салды, деп жазады stan.kz.

Оның айтуынша, кейбір елдер шегіртке аулап, одан белокты тағам дайындауды үйренген.

"Даладағы бұл жәндіктер динозаврлармен немесе мамонттармен бір жаста болғаны анық. Негізі бұл халал өнім. Біз олармен әрқашан күресіп келгеніміз және әлі де күресетініміз анық. Оларды тіпті қандай да бір жолмен пайдалануға да болады", – деді Серік Жұманғарин.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бұл деректі растады. Шариғат және пәтуалар бөлімінің маманы Елбек Тасболатұлы шариғат бойынша шегіртке расында да халал саналады дейді.

Оның айтуынша, Ханафи мәзһабында тек екі өлексені, яғни балық пен шегірткені жеуге рұқсат етілген.

Пайғамбардың сахабаларының бірі Абдулла ибн Омар жеткізген деп есептелетін аталған хадисті ҚМДБ-ның ресми сайтынан, сондай-ақ "Халал даму" стандарттау және сертификаттау орталығының сайтынан табуға болады. Халал деген міндетті түрде жеу керек дегенді білдірмейді. Мәдени ерекшеліктер мен аймағыңыздың талғамына қарай қолдануға рұқсат.