Шегірткемен күрес: Химиялық өңдеуге жататын аумақ көлемі 5 есе артты

0
296

Улау жұмыстары ауа райының қолайсыздығына байланысты кейінгіге шегерілді.


Шегірткемен күрес: Химиялық өңдеуге жататын аумақ көлемі 5 есе артты

ERNUR.KZ. Павлодар облысында үйірлі шегірткелерге қарсы химиялық өңдеуге жататын егістік алқап аумағы 4,8 есе артып, биыл 116 мың гектарды құрайды, деп жазады baq.kz.

Облыстағы өсімдіктерді қорғау жөніндегі аумақтық инспекцияның бөлім басшысы Елена Бегимованың айтуынша, итальян прусы шегірткесінің таралу кезеңінде күрт көбеюі Баянауыл, Железин, Павлодар және Тереңкөл аудандарында байқалады. Бұл өңірлерде зиянкес дернәсілінің бір шаршы метрге шаққандағы орташа саны 9 бірлікке жетеді.

Химиялық өңдеу шаралары өтетін аумақтың ұлғаюы жәндіктердің биологиялық өсуіне байланысты. Бұл табиғи құбылыс алты жылдық кезеңде бір рет тіркеледі. Шегірткелердің жаппай таралуы облыста соңғы рет 2018 жылы болды. Сол сәтте қауіпті жәндіктерге қарсы күрес 85 мың гектар жерде жүргізілді, - дейді Елена Бегимова.

Ал биологиялық өсімнің бірден бір себебі - соңғы үш жылдағы климаттық өзгерістер. Мамандардың айтуынша, құрғақ көктем мен ыстық жаз зиянкестердің көбеюіне қолайлы жағдай туғызады.

Екі апта бұрын итальян прысының пайда болуы Баянауыл ауданында анықталды. Химиялық шаралар шегіртке дернәсілінің дамуына қарай жүргізіледі. Қазір химиялық шаралармен айналысатын мердігер ұйымдар анықталды. Өңдеу жұмыстарына қажет техника құралдары дайын. Осы күнге дейін агротехникалық шаралар 12 мың гектар жерде жүргізілді, - дейді Бегимова.

Зиянкестерге қарсы күрес жұмыстарына 138 млн теңге бөлініп, үш мың литр препарат сатып алынды. Химиялық құралдардың тиімділігі 88%-ды құрайды. Препараттар сақтау мерзімі бойынша тексерістен өтіп, қолдануға дайын.

Улау жұмыстары ауа райының қолайсыздығына байланысты кейінгіге шегерілді.