Шетелдегі қазақ балаларына арналған жазғы лагерлер уақытша тоқтатылды

0
481

«Пандемияға дейін шетелде тұратын этникалық қазақ балаларына Қазақстанда әртүрлі жазғы лагерлер ұйымдастырылатын.


Шетелдегі қазақ балаларына арналған жазғы лагерлер уақытша тоқтатылды

ERNUR.KZ. Пандемияға байланысты шетелде тұратын қазақ балаларының жазғы лагерлері уақытша тоқтатылды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Пандемияға дейін шетелде тұратын этникалық қазақ балаларына Қазақстанда әртүрлі жазғы лагерлер (Назарбаев зияткерлік мектептері, Балдәурен, «Туған елге саяхат» Балалар туристік пойызы», «ZEREN» республикалық жазғы лагері) ұйымдастырылатын. Оның басы-қасында Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығы жүретін.

Жалпы 2019 жылы шетелден 600 бала Қазақстанға жазғы лагерлерге келді. Олар екі аптада домбыра сабағына қатысып, қазақ тілін үйреніп, атажұртын көріп, керемет марқайып қайтты. Бірақ, өкінішке қарай, 2020-2021 жылдары пандемияға байланысты жобалар уақытша тоқтатылды. Дегемен, бұл жобалар алдағы уақытта жалғасады деген сенімдеміз», - деді М. Сарбасов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, «Отандастар» қоры әлемнің 12 елінде қазақ тілін үйрететін 31 онлайн сынып ашқан. Онлайн сыныптар теледидар, ноутбук, камера, тағы басқа қажетті заманауи техникалармен қамтылған.

Шет елдерде 250 қазақ мәдени орталығы жұмыс істейді, «Отандастар» қоры оның 71-імен меморандум бекіткен.