Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің хабарлауынша, Қазақстанға анықтамасыз ұшып келген төрт азаматтан COVID-19 анықталды
ERNUR.KZ. Қазақстанға өткен тәулікте ПТР-тест тапсырмаған 150 жолаушы оралды, деп жазады sputniknews.kz.
2021 жылдың 15 наурызында Қазақстан аумағына Мальдив Республикасынан, БАӘ, Түркия, Ресей, Беларусь, Өзбекстан және Қырғызстаннан 20 халықаралық әуе рейсі келді.
2 450 жолаушының 2 300-де ПТР-тестілеу қорытындысы теріс болса, қалған 150 қазақстандық анықтамасыз келген.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары COVID-19-ға ПТР талдау әдісімен тест тапсырды және карантиндік стационарларда өз нәтижесін күтуде.
Естеріңізге салсақ, Қазақстанда ПТР-тест бағасы - 7 мың теңге. Осылайша, анықтамасыз келген жолаушыларды тестілеуден өткізуге ел бюджетінен 1 миллион 50 мың теңге бөлінеді.
Сондай-ақ анықтамасыз ұшып келген 793 қазақстандыққа жасалған ПТР-тест нәтижесі бойынша Шарм-эль-Шейх (Египет) - Нұр-Сұлтан рейсінің төрт жолаушысынан коронавирустық инфекция анықталды.