Шетелден ұшып келген 557 жолаушының ПТР анықтамасы болмаған

0
2 441

14 ақпанда Қазақстан Республикасының аумағына 17 халықаралық әуе рейсі келді.


Шетелден ұшып келген 557 жолаушының ПТР анықтамасы болмаған

14 ақпанда халықаралық авиарейспен келген жолаушылар туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

14 ақпанда Қазақстан Республикасының аумағына Ұлыбритания, Германия, Мальдив Республикасы, Шри-Ланка, БАӘ, Мысыр, Түркия, Украина және Ресей Федерациясынан 17 халықаралық әуе рейсі келді.

2 328 әуе жолаушысының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 771 адам, анықтамасыз 557 ҚР азаматы келді.

Оның ішінде:

- Алматы қаласының әуежайына – 10 рейс, 1 444 жолаушы, анықтамамен - 1 145, анықтамасыз - 299;

- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 7 рейс, 884 жолаушы, анықтамамен - 626; анықтамасыз - 258.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерінде COVID-19-ға ПТР тест әдісімен тестіленді және карантин стационарында өз нәтижесін күтуде.

Анықтамасыз келген барлық 342 азаматының ПТР-талдауы теріс нәтиже көрсетті.