Шетелдік автокөліктер техникалық тексеруден өткізілуі тиіс

0
724

Аталған талап осы жылдың 16-шы қаңтарынан бастап күшіне еніп отыр.


Шетелдік автокөліктер техникалық тексеруден өткізілуі тиіс

ERNUR.KZ. Басқа мемлекетте тіркелген шетелдік автокөліктер Қазақстанның аумағына әкелініп, 90 күнтізбелік күн асқан бойда міндетті техникалық байқаудан өткізілу тиіс, деп жазады inbusiness.kz.

Аталған талап осы жылдың 16-шы қаңтарынан бастап күшіне еніп отыр.

"2022 жылдың 30-шы желтоқсанында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заңына қол қойылған еді. Соған сәйкес "Жол қозғалысы туралы" Заңында қарастырылған 88-баптың 1-бөлігіне басқа мемлекеттерде тіркелген автокөлік құралдары Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген немесе кірген сәттен бастап, 90 күнтізбелік күн асқан бойда міндетті техникалық байқаудан өткізілуіне байланысты толықтырулар енгізілді", – деп жазылған хабарламада.

Осы ретте елімізде жол қозғалысына қатысатын автокөлік құралдарының міндетті техникалық байқаудан уақтылы өткізілуін бақылауды ішкі істер органдары жүзеге асыратынын атап өткен жөн.

Қазір шетелдік автокөліктердің міндетті техникалық байқаудан өтуін қамтамасыз ету бойынша техникалық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Аталған көлік құралдарының міндетті техникалық байқаудан өткізу мерзімі қосымша хабарланатын болады.