Шетелдік көлік мақұлдаудан өтсе 1 шілдеден соң да заңдастырыла ма?

0
635

Бұл мерзімге дейін мақұлдаудан өтіп үлгергендер одан кейін де көлігін заңдастыра алады


Шетелдік көлік мақұлдаудан өтсе 1 шілдеден соң да заңдастырыла ма?

ERNUR.KZ. Шетелдік көліктерді заңдастырудың тиімділігі туралы журналист Қуат Әуесбай жазды.

"Біз секілді көп балалы отбасы үшін қолайлы ғой деп, былтыр жазда Қырғызстаннан 7 орындық көлік алған едім. Аз жүрген, көп «қиналмаған». Кейбір су жаңа жеңіл көліктерден артық болмаса, кем емес. Қысқасы, «абдан жакшы» болды, сол ақылым. Жақында заңдастырып, қазақ нөмір тақтым.

Астананың өзінде армян, қырғыз, орыс көліктер қаптап кетіп еді, соларды ала-құла етпей, заңдастырып, реттеп алғанымыз дұрыс болды, негізі. Біліп-білмей сатып алған «құрамалы» көлік иелерінің де мәселесі шешілген сияқты.
Жалпы, заңдастыру шарасы 1 шілдеде аяқталады деп отырмыз ғой. Бұл мерзімге дейін мақұлдаудан өтіп үлгергендер одан кейін де көлігін заңдастыра алады екен. Я болмаса уақытша тіркей алады
" - дейді Қуат Әуесбай.