ШҚО-да 6 жарым мың мұғалім 2 жыл бойы алмаған қосымша ақыларын алды

0
1 129

Базалық еңбекақыға 40% қосымша төлемді мұғалімдер 2 жыл бойы алмаған.


ШҚО-да 6 жарым мың мұғалім 2 жыл бойы алмаған қосымша ақыларын алды

ERNUR.KZ. Облыс прокуратурасының араласуынан кейін өңірдің мұғалімдеріне тиесілі қосымша ақы төленді, деп жазады egemen.kz.

«Облыс прокуратурасы мектеп қызметкерлерінің еңбек құқықтарының сақталуына тексеру жүргізіп, 6 жарым мың мұғалімге ерекше қажеттілігі бар балаларымен жұмысы үшін қосымша ақы төленбегенін анықтады. Базалық еңбекақыға 40% қосымша төлемді мұғалімдер 2 жыл бойы алмаған. 2017-2018 жылдар аралығында берешек 87 млн.теңгеден асқан. Қадағалау актісі бойынша қызметкерлерге бүгінгі күні 14 млн. теңгеден астам қосымша ақы төленді» делінген Шығыс Қазақстан облыстық прокуратурасы баспасөз қызметінің таратқан мәліметінде.