ШҚО-да боранда адасып кеткен 2 балықшы табылды

0
687

Ер адам 7 қаңтарда досымен бірге Самар ауылынан 35 шақырым жердегі Бұқтырма су қоймасына балық аулауға кеткен.


ШҚО-да боранда адасып кеткен 2 балықшы табылды

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданында боранда адасып кеткен екі балықшы аман-есен табылды, деп жазады inform.kz.

9 қаңтар күні сағат 17.00 шамасында Самар аудандық полиция бөліміне Өскемен қаласының тұрғыны хабарласты. Өз сөзінде ол балық аулауға кеткен күйеуінің сол күйі оралмағанын жеткізді.

«Анықталғандай, ер адам 7 қаңтарда досымен бірге Самар ауылынан 35 шақырым жердегі Бұқтырма су қоймасына балық аулауға кеткен. Жоғалғандарды іздеуге аудандық полиция және төтенше жағдайлар бөлімдерінің жеке құрамы, жол тазалаушы ұйымның 2 техникасы жұмылдырылды. 8 сағатқа созылған іздестіру жұмыстарының нәтижесінде жоғалған жігіттер аман-есен табылды», - делінген ақпаратта.

Балықшылардың айтуынша, олар ауа райының нашарлауына байланысты қайтуға бел буған. Алайда қарлы бораннан жол таппай адасып қалған.

Ер адамдар Самар ауылына жеткізіліп, сондағы жатақханаға жатқызылды.