ШҚО-да ер адам өртенген үйден 4 баланы құтқарып қалды

0
316

Оқиға Зайсан ауданы Айнабұлақ ауылында болған.


ШҚО-да ер адам өртенген үйден 4 баланы құтқарып қалды

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында ер адам отқа оранған үйден 4 бала мен қарт әйелді аман алып шықты, деп жазады kaz.inform.kz.



Оқиға Зайсан ауданы Айнабұлақ ауылында болған.


Оқиға орнына №25 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері келіп жеткенде дейін үй иелерінің көршісі Талғат Мүсірат көмекке ұмтылды. Ол терезе арқылы үйге кіріп, 68 жастағы әжені және 7, 5, 4 және 1 жастағы төрт баланы сыртқа алып шықты. Осылайша, 5 адамды өрттен құтқарып қалды.

“Көп ұзамай өрт сөндірушілер 30 шаршы метр аумақтағы қызыл жалынды толықтай ауыздықтады. Зардап шеккен ешкім жоқ. Алдын ала дерек бойынша өрттің шығу себебі - электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптарын сақтамау”, - деп хабарлады ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.