ШҚО-да шектеу шараларының мерзімі ұзартылды

0
460

Шектеу шараларының режимі мен уақыты аймақтағы коронавирус инфекциясының таралуы жағдайының өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.


ШҚО-да шектеу шараларының мерзімі ұзартылды

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері шектеу шараларын ұзарту туралы шешім қабылдады, деп жазады zakon.kz.

Шара 8 желтоқсанға дейін өз күшінде болады.

Шығыс-Қазақстан облысы бойынша экономикалық және (немесе) өзге де қызмет түрлері мен адам өмірі үшін ерекше жағдайлар бойынша шектеу шараларын 25 қарашаның 00.00-уақытынан 2020 жылғы 8 желтоқсаннның 00.00 уақытына дейін ұзартылсын. Шектеу шараларының режимі мен уақыты аймақтағы коронавирус инфекциясының таралуы жағдайының өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін, делінген қарарда.

Осы ұзартылған уақыт аралығында Риддер қаласында, Глубоковский мен Алтай аудандарынан басқа елді-мекендердегі азық-түлік және азық-түлік емес базарларының ғимараттардың ішіндегі және сыртындағы саудасына дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 08.00-ден 18.00-ге дейін рұқсат етіледі.

- Ал демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндері олардың қызметіне тыйым салынады, - деді дәрігер.