ШҚО-да туберкулезден емделіп жатқан ер адам тубдиспансерде қарасора өсірген

0
337

Оның кінәсі анықталып, бір жылға бас бостандығы шектелді.


ШҚО-да туберкулезден емделіп жатқан ер адам тубдиспансерде қарасора өсірген

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны туберкулезге қарсы диспансерде емделіп жатып, сол аумақа қарасора өсірген, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Тарбағатай аудандық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адам туберкулезден мәжбүрлеп емдеуге Ақжар ауылының медициналық мекемесіне жіберілген.

«Тубдиспансерге бара жатқан жолда ер адам жол жиегінде қарасораны көрген. Оның сабақтарын тұқыммен жұлып алып, қалтасына салып, көктемде тубдиспансердің серуендеу алаңына тұқым себеді. Қарасора өскен кезде фтизиопульмонологиялық орталықтың пациенті суаруды бастаған», - делінген материалда.

Емделуші ер адам сол жерде үш қарасора бұтасын өсіріп, оны жұлып, кептірген. Бірақ науқас марихуананы қолданып үлгермеді. Оның бұл әрекетін полиция қызметкерлері әшкереледі.

«Барлық талқылаулардың нәтижесі Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша («есірткі заттарын өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау», «өсіруге тыйым салынған қарасора сорттарын себу немесе өсіру») кінәлі деп танылып, бір жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды», - делінген материалда.