ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысында ата-анасының қарауынсыз жүрген 2021 жылы туылған қыз бала суға батып кетті, деп жазады Zakon.kz.
ҚР ТЖМ мәліметінше, қайғылы оқиға бүгін, 2 маусымда Ұлан өзенінде болды.
"Бүгін Ұлан ауданы, Жанұзақ ауылындағы Ұлан өзенінде, алдын-ала болжам бойынша ата-анасының қарауынсыз болған 2021 жылы туылған бала суға батып кетті. ШҚО ТЖД ата-аналардан балаларын қараусыз қалдырмауларын сұрайды. Су айдындарында балалардың ойнауына жол бермеу керек. Төтенше жағдай кезінде 112 нөмері арқылы хабар беріңіздер", делінген хабарламада.