ШҚО-да жылыту маусымы басталғалы иіс тиген 11 адам көз жұмды

0
2 349

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, жылыту маусымы басталғалы бері тұрғын үйлерге күн сайын профилактикалық тексерулер жүргізілуде.


ШҚО-да жылыту маусымы басталғалы иіс тиген 11 адам көз жұмды

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысында жылыту маусымы басталғалы бері иіс тиген 11 адам қаза болды, деп жазады ҚазАқпарат.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, жылыту маусымы басталғалы бері тұрғын үйлерге күн сайын профилактикалық тексерулер жүргізілуде.

Нәтижесінде құтқарушылар пешті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзудың 85 495 фактісін анықтады.

«Биылғы жылыту маусымында иіс тиген 72 адам зардап шегіп, 11 адам көз жұмған. Соңғы оқиға 9 наурыз күні Өскемен қаласында болды. Иіс тиген 1951 жылғы зейнеткер ауруханаға жеткізілді. Оның екі немересі де зардап шеккен. Белгілі болғандай, құтқарушылар бірнеше күн бұрын осы үйге барып, үй иесіне тиісті нұсқама берген. Алайда ол ескертулерді елемеді» делінген хабарламада.

Жазатайым оқиға мен өрттің алдын алу үшін құтқарушылар өңір жұртшылығына тұрақты түрде түсіндіру жұмысын жүргізіп жатыр.

2021 жылдың басынан бері 82 481 тексеру жасалған.

Әлеуметтік осал 11 429 отбасының тұрғын үйіне улы газ датчиктері орнатылды.