Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесін көздейтін өзге де мәліметтер жарияланбайды.
ERNUR.KZ. ШҚО экология департаментінің басшысына қатысты тергеу басталды, деп жазады tengrinews.kz.
Ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі растады.
"Шығыс Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстық экология департаментінің басшысына қатысты соталды тергеуді бастады. Толығырақ ақпарат сәл кейінірек болады", - деп хабарлады Антикор баспасөз қызметі.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесін көздейтін өзге де мәліметтер жарияланбайды.