Шұбакөлге құлаған метеорит мұражайда қозғалып, елді дүрліктірді (видео)

0
788

Ол бұл оқиғаның 14 желтоқсанда мұражайда адамдар жүрген кезде күндіз кенеттен болғанын айтады.


Шұбакөлге құлаған метеорит мұражайда қозғалып, елді дүрліктірді (видео)

ERNUR.KZ. Челябіден табылған метеориттің бір бөлшегі Оңтүстік Орал тарихи мұражайында сақталған. Ол берік қалың әйнек астына орналастырылған. Осы әйнек өздігінен қозғалып, жоғарыға көтерілді, - дейді мұражайдың қоғаммен байланыс бөлімінің қызметкері Юрий Богатенков, деп жазады zakon.kz.

Ол бұл оқиғаның 14 желтоқсанда мұражайда адамдар жүрген кезде күндіз кенеттен болғанын айтады.

"Бірден күзетшілерді шақырдық, олар қозғалып, көтерілген әйнекті өз орнына қойды. Бірақ ол неге қозғалды, мұны ешкім түсіндіріп бере алмайды, себебі де белгісіз, өйткені бұл арада техникалық ақау болмағанын біз жақсы білеміз", - деді ол.

Маман метеоритке ешқандай зақым келмегенін, басқа экспонаттар сияқты ол да өз орнында тұрғанын айтады.

Айта кетсек, РФ-ның Челябі облысында 2013 жылдың 15 ақпанында мыңдаған адам аспанда зуылдап жерге түскен отты жарықты көрді. Куәгерлер әуе толқыны соққысынан ұшып кеткен. Бұл үлкен жарылыстың дыбысы сияқты болған. Метеориттің бөлшектері Шұбаркөл маңында табылды, бірақ ең үлкені - 600 келілігі көл астынан табылды.

Қазіргі уақытта ол Челябіде Оңтүстік Орал мемлекеттік тарихи мұражайында көрме залында арнайы әйнек күмбез астында сақтаулы, оны кез-келген адам көре алады. Мұражайда сақталған бөлшектің салмағы 500 келіге жуық. Ғалымдар оны адамдардың ұстауына тыйым салған, өйткені оны қауіпті деп санайды, онда зерттелмеген, танылмаған Жерден тыс миллиондаған бактерия бар болып шықты.