Шығыс Қазақстан облысында 3 жасар бала той үстінде жаңғақ жұтып мерт болды

0
632

Шығыс Қазақстан облысы Көктал ауылындағы мерекелік кеш қайғылы оқиғамен аяқталды.


Шығыс Қазақстан облысында 3 жасар бала той үстінде жаңғақ жұтып мерт болды

иллюстрациялық фото

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысы Көктал ауылындағы тойдың соңы қайғылы оқиғамен аяқталды. 3 жасар бала жаңғақты жұтып мерт болды, деп жазады stan.kz.

Ақпаратқа ШҚО полиция департаментінде түсініктеме берілді. Ведомствоның мәліметінше, 11 қарашада Көктал ауылында 2018 жылы туған баланың өліміне қатысты Үржар аудандық полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша сот-медициналық сараптамалар тағайындалды.

"Істің мән-жайын тергеудің жан-жақтылығын, толықтығын және объективтілігін қамтамасыз ету үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде", - деп хабарлады ШҚО ДП баспасөз қызметі.

Тергеу мүддесі сәйкес департамент басқа ақпаратты жарияламады.