Шығыс Қазақстан облысында екі көрші бір самаурын үшін соттасты

0
298

Шығыс Қазақстан облыстық сотының мәліметінше, арызданушы өзінің танысына отбасылық құндылыққа айналған самаурынын пайдалануға бере тұрады.


Шығыс Қазақстан облысында екі көрші бір самаурын үшін соттасты

фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. ШҚО-да ер адам көршісінің самаурынын пайдалануға сұрап алып, таза ауадағы демалыстан кейін оны жоғалтып алған. Самаурын иесінен қашқақтап, қоңырауына жауап бермеген. Бұған шыдамаған көрші әйел оны сотқа берген екен, деп деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Шығыс Қазақстан облыстық сотының мәліметінше, арызданушы өзінің танысына отбасылық құндылыққа айналған самаурынын пайдалануға бере тұрады. Бірақ танысы затты қайтармайды, тіпті сөйлесуден қашып, көзге түспей жүрген. Самаурынның иесі сотқа шағымданған. Айтуынша, ол отбасылық құнды жәдігерді әке-шешесі мен әжесіне айтпай, сұраған көршісіне беріп, қайтарады ғой деп жүрген.

«Жауапкер сотта самаурынға мереке кезінде шай қойып, содан жоғалып кеткенін айтқан. Тойға келгендердің бәрінен сұрап шыққан, бірақ таппаған», - делінген хабарламада.

Сотта екі тарап медиациялық келісімге келді. Жауапкер арызданушыға жоғалған самаурынмен бірдей самаурын сатып алып беретін болды.