​Шығыс Қазақстанда 90 тонна шөп жанып кетті

0
1 980

Оны сөндіруге 10 сағат кеткен.


​Шығыс Қазақстанда 90 тонна шөп жанып кетті

ERNUR.KZ. Өткен демалыс күндері Шығыс Қазақстан облысында 90 тонна шөп жанып кетті, деп хабарлайды Baq.kz облыстық ТЖД-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өткен сенбіде Ұлан ауданындағы Гагарино ауылында ірі өрт тіркелді. Жеке үйдің аумағындағы 60 тонна шөп пен ауыл шарушылық нысанының 5 шаршы метрі өртенген. Оны сөндіруге 10 сағат кеткен.

Сондай-ақ мамандар Знаменск ауылдық округіне қарасты Знаменка ауылы мен Тарбағатай ауданындағы Ахметбұлақ ауылындағы шыққан өртті ауыздықтаған.

Сонымен қатар жексенбі күні Зайсан ауданы мен Кенсай ауылдық округінде де өрт шыққан. Түйеөлген участкесіндегі шабындық алқабындағы 150 тонна шөп пен 30 гектар құрғақ шөпті қызыл жалын шарпыған. Мамандар өртті 5 сағатта сөрдірген.

Тарбағатай ауданындағы Жаңалық ауылында «МТЗ 80» тракторы аяқ астынан өртеген. Салдарынан оның прицепіндегі 4 тонна шөп те жанған. Өртті сөндіруге 3 сағат жұмсалған.

Соңғы өрт Үржар ауданындағы Маканчи ауылында тіркелген. Онда 2 тонна шөпті қызыл жалын шарпыған. Өрттің басым бөлігі отты абайсызда пайдаланудан шыққан.

ШҚО ТЖД мамандары тұрғындарға шөпті үйден 50 метр, электр желілерінен 15 метр алыс жерде сақтауға кеңес береді.