Шығыс Қазақстанда заңсыз жұмыс істеген тай массажистері ұсталды

0
1 496

Қазіргі уақытта шетелдіктер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


Шығыс Қазақстанда заңсыз жұмыс істеген тай массажистері ұсталды

ERNUR.KZ. ШҚО-да заңсыз жұмыс істеген тай массажистері ұсталды, деп жазады zattyq-ruhy.kz.

Заңсыз иммигранттар сауықтыру массажы қызметімен айналысқан. Полицейлер «Заңсыз келуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында рұқсат құжаттарынсыз еңбек қызметін жүзеге асырған Таиландтың үш азаматын анықтады.

«Қазіргі уақытта шетелдіктер ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігімен (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Заңсыз мигранттарды жұмысқа қабылдаған жұмыс беруші де 30 АЕК көлемінде айыппұл салу түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – деп атап өтті ШҚО ПД көші-қон басқармасының бастығы Жеңісқанов Нұрлан.

Үш күн ішінде «Заңсыз келуші» ЖПІШ кезінде көші-қон заңнамасын бұзған 100-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.