Шынжырмен қасқыр соғып алған жігітке қатысты тергеу басталды

0
431

Ауыл тұрғынына қатысты ҚР ҚК 316-бабы 3-бөлігіне сәйкес «Жануарларға қатыгездікпен қарау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.


Шынжырмен қасқыр соғып алған жігітке қатысты тергеу басталды

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысының полицейлері әлеуметтік желілерді талдау барысында бейнежазбада қасқырды шынжырмен ұрып-соққан ер адамды анықтады, деп жазады polisia.kz.

Ырғыз ауданы ПБ-нің қызметкерлері қасқыр соққан жігіт ауданның 37 жастағы тұрғыны екенін анықтады. Ұсталған адам қасқыр малына шапқанын, содан кейін қасқырды мотоциклімен қуып жетіп, шынжырмен соғып алғанын түсіндірді.

Ауыл тұрғынына қатысты ҚР ҚК 316-бабы 3-бөлігіне сәйкес «Жануарларға қатыгездікпен қарау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.