Ауа температурасы төмендейді.
Синоптиктер алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ «Қазгидромет» орталығына сілтеме жасап.
Орталық Азиядан ауысып келе жатқан белсенді циклон сенбі күні Қазақстанның орталық аудандарына, ал күндіз республиканың шығысына қарай жылжиды.
Демалыс күндері республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр, дымқыл қар жауып, тұман түседі. Көктайғақ болып, күшті екпінді жел тұрады.
Қазақстанның орталығы мен шығысында оңтүстік циклонның әсерінен қар жауады. Жексенбі күні кей жерлерде күшті боран соғады, күртік қар мен күшті жел тұрады.
Циклонның артынан Поволжья аудандарынан антициклон бізге қарай ығысады, ол жауын-шашын мен аздаған суытуды тоқтатады.
Ауа температурасы төмендесе де, ол әлі де орташа көпжылдық мәннен 3...6°С жоғары болады.