Сирия бойынша келіссөзге қатысатын тараптар Астанаға келетінін растады

0
1 073

Сирия бойынша Астана процесінің кепілгер елдерінен келіп түскен ақпаратқа сәйкес, Иран Ислам Республикасының, Ресей Федерациясының және Түркия Республикасының сыртқы істер министрлері 2018 жылғы 16 наурызда Қазақстанның елордасында кездеспек,- деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.


Сирия бойынша келіссөзге қатысатын тараптар Астанаға келетінін растады

фото: today.kz

Сирия бойынша Астана процесінің кепілгер елдерінен келіп түскен ақпаратқа сәйкес, Иран Ислам Республикасының, Ресей Федерациясының және Түркия Республикасының сыртқы істер министрлері 2018 жылғы 16 наурызда Қазақстанның елордасында кездеспек,- деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Келіссөздер барысында қатысушылар Сириядағы ахуалды реттеу бойынша ынтымақтастықтың алғашқы жылы ішінде қол жеткізілген нәтижелерді талдауға, сондай-ақ одан әрі бірлескен іс-қимылдарды белгілеуге ниетті.

Кездесу қарсаңында, яғни ү.ж. 15 наурызда, аға лауазымды тұлғалардың, сондай-ақ Бірлескен жұмыс тобы мен Тұтқындарды босату, қаза тапқандардың денелерін табыстау және із-түзсіз жоғалғандарды іздестіру бойынша жұмыс тобының кездесулерін өткізу жоспарлануда.

Астанадағы министрлік кездесу байқаушыларсыз және сириялық тарапсыз өткізілуі жоспарланып отыр. Ресей сыртқы істер министрлігінің ақпараты бойынша, кездесуге БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі Стаффан де Мистура шақырылады.