"СК-Фармацияның" бұрынғы басшысы ұсталды

0
592

​Ол медициналық бұйымдарды сатып алу кезінде өкілеттігін теріс пайдаланған, хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.


ERNUR.KZ. "СК-Фармация" ЖШС-ның бұрынғы басшысы ұсталды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеді, деп sputniknews.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, ол төтенше жағдай жарияланған кезеңде медициналық бұйымдарды сатып алу кезінде өкілеттігін теріс пайдаланған.

"СК-Фармация" ЖШС-ның бұрынғы басқарма төрағасы ұсталып, Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген ресми хабарламада.

14 тамызда соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды.

"Соңғы шешімді сот шығарады. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді", - дейді агенттік қызметкерлері.

Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен "СК-Фармация" ЖШС жұмысын сынға алып, басшылығын жұмыстан босатуды тапсырған болатын. Қажет болса тергеу шараларын да жүргізуге нұсқау берді. Ертесінде әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов пен "СК-Фармация" ЖШС басшысы Берік Шәріп қызметінен алынды.

12 шілдеде "СК-Фармация" ЖШС басқарма төрағасы қызметіне Ерхат Есқалиев тағайындалды.