​СҚО-да бірінші рет соя егіледі

0
1 425

Биыл 10 мың гектар жер көлеміне алғаш рет соя ұрығын себіледі.


​СҚО-да бірінші рет соя егіледі

ERNUR.KZ.Ағымдағы жылы Солтүстік Қазақстанда алғаш рет соя егіледі. Бұл жөнінде өңір әкімі Құмар Ақсақалов мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ.

"Осы жылы 10 мың гектар жер көлеміне алғаш рет соя ұрығын себеміз. Егер, барлығы жақсы болса, онда келесі жылы егістік жерін 150 мың гектарға ұлғайтатын боламыз", - деді Ақсақалов әкімдік отырысында.

Оның айтуынша, бұл ауыл шаруашылығын әртараптандыру жолындағы жақсы жоба болмақ.

"Бидай себілетін жер аумағын азайтып, тиімділігі жоғары және экспортқа бейімделген осы тектес дақылдарды арттыратын боламыз", - деді әкім.

Сонымен қатар, ол әрбір ауданда экологиялық таза өнім өндірісі бойынша кәсіпорындар ашуды тапсырды.

"Осы жолдағыларға біз сәйкес қолдау шараларын көрсететін боламыз. Біздің жерлеріміз химия қосу арқылы өсірілетін өнімнен бағасы 2,5-3 есе жоғары өнімді өсіруге мүмкіндік береді. Бізде мұның мысалдары да бар", - деп атап өтті Ақсақалов.