​СҚО-да ет экспорты ұлғайтылады

0
1 429

СҚО-да қазір 12 кәсіпорын ет өнімдерін шығарумен айналысады.


​СҚО-да ет экспорты ұлғайтылады

ERNUR.KZ. СҚО-ы ет экспортын ұлғайтпақшы, деп жазады ҚазАқпарат.

Өнім сапасы халықаралық талапқа сай болу үшін былтыр Тайынша ауданында 3 мың ірі қараға шақталған бордақылау алаңы ашылды.

СҚО Ішкі саясат басқармасының мәліметінше, қазір мұнда 400-ге жуық қазақтың ақбас, герефорд және ангус тұқымды ірі қара мал семіртіліп жатыр. Етті тұқым болғандықтан әрқайсысының салмағы 2 центнерге дейін жетеді екен. Биыл мал бордақылау кешенін толтыру көзделген. Сапасы жоғары ет алу үшін тек асыл тұқымды мал жемделеді. Өнім, әзірше ел ішінде саудаланса, болашақта Ресей мен Қытай мемлекеттеріне экспорттау жоспарланған.

«Мал бордақылау алаңында мал семіртудің артықшылығы өте көп. Жем-шөппен толық қамтылады. Тез семіртіледі, күніне 1 келіге дейін салмақ қосуы мүмкін. Дұрыс жемделгеннен кейін еттің сапасы жақсы болады. Сондай-ақ, әр берген кг етке мемлекеттен 200 теңге демеуқаржы алады», - дейді СҚО ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Талғат Наурызбаев.

СҚО-да қазір 12 кәсіпорын ет өнімдерін шығарумен айналысады. Былтыр өңір шаруалары 56 мың тоннаға жуық ет өндірсе, соның 8,2 мың тоннасы қайта өңдеуге жіберілген. Көрші елдерден де қара мал етіне сұраныс жоғары. 2018 жылы Ресей Федерациясына 505 тонна өнім сатылған.

Мамандардың айтуынша, қазір Қорған облысының Куртамышский ауданымен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Екі жаққа тиімді бағаға келіскен жағдайда бұл ауданға жыл сайын 1,5 мың тонна ет жөнелтілетін болады.