СҚО-да сабын өндіретін зауыт ашылмақ

0
1 332

«Радуга» ЖШС кәсіпорны облыс тұрғындарын жергілікті сабынмен толық қамтамасыз ететін өндірісті жолға қоюды жоспарлаған.


СҚО-да сабын өндіретін зауыт ашылмақ

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысындағы «Радуга» ЖШС - халық тұтынатын тауарлардың қазақстандық ірі өндірушілері мен дистрибьюторларының бірі. Компания алғашқылардың бірі болып «Protecting business and Investments» жобасына қатысуға ниет етті, деп жазады ҚазАқпарат.

Солтүстік Қазақстан облысында іссапармен жүрген Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаев «Радуга» ЖШС кәсіпорнына барды. Бұл зауыт облыста алғашқылардың бірі болып сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоба аясында жұмыс істеуге келісім жасасты. Компания қызметкерлері сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқудан өтті.

Кәсіпорын азық-түлік, пластмасса және металл бұйымдары, тұрмыстық химия өнімдерін шығарады. Бұдан басқа қоқысты бөлек жинап, қайта өңдеумен айналысады. ЖШС бас директоры Дмитрий Шарапаевтың айтуынша, жақын арада облыс тұрғындарын жергілікті сабынмен толық қамтамасыз ететін өндірісті жолға қою жоспарланған.

Компанияның Қазақстанның ірі қалаларында дамыған дистрибьютерлік желісі бар. ЖШС цехтарында өндірілген тауарларды Ресей мен Қытай дүкендерінен де сатып алуға болады.

Айта кету керек, өткен жылдың соңында «Радуга» ЖШС «Алтын САПА - 2018» сыйлығының «Халық тауарларын шығаратын үздік кәсіпорын» аталымына ие болды. Сондай-ақ, халықтың дауыс беру нәтижесі бойынша «Үздік кәсіпкер» номинациясында "Радуга" ЖШС Бас директоры лауреат атанды.