Тергеу жүріп жатыр.
ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында атасы мен немересі мінген квадроцикл аударылып, салдарынан кішкентай бала көз жұмды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Қайғылы оқиға 19 қыркүйек сағат 10.30 шамасында Аққайың ауданында болған.
«56 жастағы ер адам өз үйінің ауласында "POLARIS" маркалы квадроциклді басқара алмай, аударылып қалған. Салдарынан квадроциклде отырған 4 жасар бала орталық аудандық ауруханаға түсті, өкінішке қарай ол алған жарақаттарынан қайтыс болды. Квадроциклдің жүргізушісі де орталық ауруханаға жатқызылды», - деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан, көлiк басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.