СҚО-да үш сарбаз жоғары оқу орнында тегін оқуға грант жеңіп алды

0
516

Жастардың үшеуі де қазіргі уақытта ҚР Ұлттық ұланы академиясында мерзімді әскери борышын атқарып жатыр.


СҚО-да үш сарбаз жоғары оқу орнында тегін оқуға грант жеңіп алды

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында сарбаздар жоғары оқу орнында білім алуға грант алды, деп жазады inform.kz.

Жастардың үшеуі де қазіргі уақытта ҚР Ұлттық ұланы академиясында мерзімді әскери борышын атқарып жатыр. Бұл сарбаздар — 12 адамның ішінен оқ бойы озып шыққандар.

«Былтырдан бастап ҚР Қорғаныс министрлігі мерзімді әскери қызметтен кейін Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырусыз азаматтарға тегін білім алу мүмкіндігін берді. „Әскери міндеттілер 2.0“ жобасына Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы академиясының әскери қызметшілері де қатыса алады. Грантқа өтініш берген кезде сарбаздарға үш жоғары оқу орнын таңдау құқығы беріледі. Қызмет барысында олар ұпай жинады — жауынгерлік дайындық және басқа да сабақтардан бағасы есепке алынды», — делінген ҚР Ұлттық ұланы академиясының баспасөз хабарламасында.

Енді оқу үдерісін қамтамасыз ету батальонының 1-2023 жылғы мерзімді қызметінің 3 әскери қызметшісі әскери борышын өтеп болғаннан кейін тегін жоғары білім ала алады.

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің сертификаты Ұлттық ұлан академиясының оқу үдерісін қамтамасыз ету батальоны автомобиль взводының 3 автомобиль бөлімшесінің маманы-жүргізуші, қатардағы жауынгер Игорь Ескинге табысталды.

А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің сертификатын Ұлттық ұлан академиясының оқу үдерісін қамтамасыз ету батальонының жөндеу взводы қару-жарақ және қорғаныс құралдарын жөндеу шеберханасының маманы, қатардағы жауынгер Денис Копылов иеленді.

ҚР Ұлттық ұланының академиясында материалдық және техникалық қамтамасыз ету взводының жөндеу бөлімінің маманы-слесарь, қатардағы жауынгер Әнуар Әшімов оқиды.