Төлемді өзіңіздің банк картаңызбен жасаған жөн.
ERNUR.KZ. Егер, салық бойынша төлем сомасының мөлшері көрсетілген смс-хабарлама алған болсаңыз, оны онлайн төлеу жолымен таныс болыңыз!
Ең алдымен egov.kz порталына кіріп, «Салық берешегін қарау және төлеу» қызметін таңдайсыз:
● Қызметке онлайн тапсырыс беріңіз;
● Өтінімді толтырған соң, қарыз туралы мәліметтер бірден «Сұранысты жіберу» батырмасын басқаннан кейін пайда болады;
● Салық берешегі шықса, оны онлайн төлей аласыз.
Портал арқылы салықты:
- Жеке кәсіпкерлер;
- ҚР азаматтары;
- ҚР резиденті емес азаматтар төлей алады.
Қызмет үшін төлемді өзіңіздің банк картаңызбен төлегеніңіз жөн.
Айта кетейік, осының алдында Қазақстандықтар мүлік, жер және көлік салығын электронды қызметтер арқылы төлей алатынын хабарлаған болатынбыз.